Өнеркәсіптік Қауіпсіздікке сараптама жүргізу

ИӘО жаңа құрылған отандық және сатылып алынған импорттық жабдықтардың ҚР қауіпсіздік ережелері мен нормаларының талаптарына сәйкес келуіне сараптама жүргізуге және қорытындылар беруге құқығы бар Ұйымдардың тізіміне кіреді.

Сараптама түрлері:

  • мағлұмдамаларға сараптама жүргізу;
  • кәсіпорындардың лицензияланатын қызмет түрерін іске асыруға дайындығына сараптама жүргізу;
  • шетелдік және отандық жабдықтар мен механизмдерге сараптама жүргізу;
  • жобалау құжаттамасына сараптама жүргізу;
  • техникалық құрылғыларға сараптама жүргізу;
  • қауіпті өндірістік нысандарды пайдалануға байланысты нормативтік және басқа да құжаттарға сараптама жүргізу.


Рұқсат етуші Құжаттар »
ИӘО Сараптамалары туралы толық ақпарат »

Қауіпті Өнеркәсіптік Нысандардың Қауіпсіздік Мағлұмдамасын әзірлеу

Қауіпті Өнеркәсіптік Нысандардың Қауіпсіздік Мағлұмдамасын әзірлеу (әрі қарай Мағлұмдама) келесідей тармақтарды қамтиды:

  • "ALARP" тәуекел мүмкіндігінің критерийлеріне негізделген әлемде көпшілікке танымал Тәуекелді Сандық Бағалаудың Әдістерін қолдана отырып және Апаттардың Салдарларын Талдау бойынша Компьютерлік Бағдарламаны (PHAST Professional) пайдалана отырып, Мағлұмдаманың өзін әзірлеу;
  • Мағлұмдаманы мемлекеттік тілге аудару;
  • Мағлұмдамаға тәуелсіз сараптамалық ұйымда сараптама жүргізу;
  • Мағлұмдамаға ҚР ТЖМ-де келісім алу және тіркеу.


Рұқсат етуші Құжаттар »
ИӘО Мағлұмдамалары туралы толық ақпарат »

Өнімдерді ҚР МЕСТ-ке сәйкес келуіне сертификаттау

Машина жасау өнімдері мен мұнай, газ және тау-кен өнеркәсібіне арналған жабдықтарды Сертификаттау.


Сертификатталатын Жабдықтардың Түрлері »

Оқыту және аттестаттауға дайындау

  • Тау-кен және мұнай-газ салаларының мамандарын, басшы және инженерлік-техникалық қызметкерлерін аттестаттау алдында және емтихан алдында Оқытуды және ҚР Өнеркәсіптік Қауіпсіздік және Еңбекті Қорғау бойынша нормативтік құжаттарын білуін Тексеру;


Рұқсат етуші Құжаттар »
Оқыту туралы толық ақпарат »

Тәуекелдерді Талдау, Бағалау және Есептеу

  • қауіптіліктерді және олардың көздерін теңестіру;
  • қауіптіліктерді жүзеге асырудың шарттарын зерттеу, яғни апаттық жағдайдың дамуының жолдарын зерттеу және апаттық жағдайлардың пайда болуына әкелетін себептік-салдарлық байланыстарды анықтау (апаттардың сценарийлері);
  • апат кезінде зардап шеккендер мен материалдық зиянның мүмкін санын есептей отырып, апаттың салдарларын талдау;
  • апаттың пайда болуының, жеке, топтық және экологиялық тәуекелдің ықтималды бағаларын алу, техногендік тәуекелдің аймақтық карталарын жасау;
  • алынған тәуекел бағаларын қауіпсіздік критерийлерімен салыстырудың негізінде тәуекелді басқару бойынша ұсыныстар әзірлеу;
  • апаттарды жоюдың жоспарын жасау.

Өнеркәсіп саласындағы лицензиялау

Өнеркәсіп саласындағы қызмет түрлері бойынша құжаттарды дайындау және лицензиялар алу бойынша консалтингтік және заң қызметтерін көрсету.


Рұқсат етуші Құжаттар »

Еңбекі Қорғау

  • Еңбекті Қорғауды Басқару Жүйесін (ЕҚБЖ) әзірлеу;

Қосымша қызметтер

  • Нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша, соның ішінде нысандардың жобалау, пайдалану құжаттамасын және техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шараларды жасау бойынша кеңес берулер;