Мекен-жайы: 050036, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Мамыр-4 ықшам ауданы, 100 "А/1" E-mail: info@emc.too.kz Тел/Факс: +7 (727) 226-03-43, 226-03-42 |
«Инженерлік-әдістемелік орталық» ЖШС (ИӘО) Қазақстанның нарығында 1997 жылдың сәуір айынан бастап жұмыс істейді. Ол тау-кен, химия, мұнай және газ өнеркәсібінің аса қауіпті нысандарындағы Өнеркәсіптік Қауіпсіздік мәселелері бойынша қызмет көрсетуге, ықтималды қауіпті өндірістердің, нысандар мен жабдықтардың қауіпсіз және сенімді пайдаланылуына дайындық деңгейін бағалауға байланысты қызметтерді іске асырады.
Қазақстандағы бірінші өнеркәсіптік нысанның Қауіпсіздік Мағлұмдамасын (ҚМ) 2001 жылы ИӘО әзірлеген болатын. Бүгінгі күні бұл бағытта белгілі бір тәжірибе жинақталды: "ALARP" тәуекел мүмкіндігінің критерийлеріне негізделген әлемде көпшілікке танымал Тәуекелді Сандық Бағалаудың Әдістерін қолдана отырып және DNV (Det Norske Veritas) компаниясы әзірлеген Апаттардың Салдарларын Талдау бойынша Компьютерлік Бағдарламаны (PHAST Professional) пайдалана отырып, 40 астам ҚМ әзірленді.
ИӘО-тың Өнеркәсіптік Қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына Аттестаты, сондай-ақ: :
Бүгінгі күні ИӘО-та Өнеркәсіптік Қауіпсіздік және Қадағалау Қызметі саласындағы жоғары білікті мамандар толығымен бар. Соның ішінде ғылым кандидаттары, көп жылдық ғылыми және тәжірибелік жүмыс тәжірибесі бар, ғылыми-зерттеу, консалтингтік және сараптамалық жұмыстарды, сондай-ақ стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы жұмыстарды жүргізуде біліктілігі жоғары мамандар да aз емес.
ИӘО Ресей Федерациясы мен ТМД елдерінің өзі секілді орталықтарымен тығыз іскерлік байланыстар орнатқан. ИӘО-тың клиенттерінің (тапсырыс берушілерінің) қатарына: